


Біз туралы
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№40 Зейнолла Қабдолов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жаңалықтар

Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында өткен халықаралық “Minsk Open” турниринде атыраулық екі боксшы жеңіске жетті.
2008-2009 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер арасында өткен турнирге бес елден 200-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады. Атыраулық былғары қолғап шеберлері Мұхаммед Манарбекұлы (2009 жыл, 46 кг салмақта) және Хамза Мадыханұлы (2009 жыл, 50 кг салмақта) жеңіске жетті.
Осылайша Қазақстан Республикасының атынан шыққан жас палуандар Белорусь елінің астанасында көк туды желбіретті.
Айта кету керек, жас былғары қолғап шеберлерін жаттықтырушылары Азамат Досмағамбетов пен Асылхан Ұзақбаев дайындады.

2024 жылы 1-сыныпқа қабылдау бойынша
* Биыл 1-сыныпқа қабылдау 1-сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
* Ата-аналар баланың құжаттарын электронды үкімет — egov.kz веб порталы арқылы тапсыра алады.
* Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа Атырау облыс бойынша 15 мыңнан астам бала барады деп күтілуде.
* Былтырғы оқу жылынан биылғы оқу жылындағы 1-сыныпқа қабылдаудың басты айырмашылығы — Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөнінде 2024 жылдың 23 ақпанында қабылданған заңға сәйкес лицейлер мен гимназияларға 1-сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тиым салатын ереже енгізілді.
* Барлық балалар дайындық деңгейіне қарамастан тең мүмкіндікке ие болады.
* Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты 1-сынып оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған.



Фотогалерея


