Жаңалықтар

📍 9 октября в нашей школе для учащихся 5–9 классов была проведена разъяснительная работа по вопросам профилактики правонарушений, недопущения опозданий на уроки и соблюдения школьной формы.
В мероприятии приняли участие заместители директора по воспитательной работе Ирина Дарханкызы и Асель Бериккызы, а также инспектор ювенальной полиции УП г. Атырау, майор полиции К. Таурбаева.
🖍 Цель:
Профилактика правонарушений среди учащихся, соблюдение школьных правил поведения, формирование культуры своевременного посещения уроков и правильного ношения школьной формы.
Заместители директора по воспитательной работе напомнили о внутренних правилах школы, подчеркнули важность не опаздывать и не пропускать занятия без уважительной причины.
Кроме того, учащимся была предоставлена информация о «Ящике доверия» и телефоне доверия – 111, куда можно обратиться в случае возникновения трудностей или непонимания.
🖋Мектебімізде 7 қазан күні «Дұрыс тамақтану»,«Ерте жүктіліктің алдын алу»,«Тері күтімі»,«Есірткі»,«Нашақорлықтың алдын алу» тақырыптары бойынша «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары акушер-гинеколог: Тлешова Г.А, Психолог: Кенжегарина Р.Т, СӨСҚ дәрігері: Тілектес Г.Б. келіп түсіндірме жұмысын жүргізді.
✅Мақсаты — оқушыларға дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, ерте жүктіліктің, есірткі мен нашақорлықтың зиянын түсіндіру, жеке бас тазалығы мен тері күтімінің маңызын ұғындыру.
🖋Мектебімізде 6 қазан күні «Әр бала-әлемге сый» «Ерекше балаларды қолдау: тәжірибе, әдіс және ынтымақтастық» тақырыбында жас мамандарға арналған коучинг сессия ұйымдастырылды.
✅Шараның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мамандардың тәжірибесімен бөлісу, тиімді әдістерді талқылау және кәсіби ынтымақтастықты нығайту. Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасау ережелерімен таныстыру КТЖ, ҚМЖ жоспарын құруды үйрету.
Шара барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қиындықтар мен жетістіктерді талқылап, жаңа идеялармен толықты. Жас мамандардың белсенділігі мен ынтасы ерекше әсер қалдырды! Болашаққа сеніммен қадам басқан ұстаздарға сәттілік тілейміз!
Өткізген педагог – психолог : Мухамбетгалиева Айгул Серікқызы
Педагог- ассистент: Карагойшина Динара Исатайқызы
🌹✨Ұстаз – ұрпақтың шамшырағы, жүректерге жол нұсқайтын мәңгілік шырақ.
Ұстаз еңбегі – уақытпен өлшенбейтін, ұрпақпен жалғасатын ұлы мұра.
✨ Мектебімізде 3 қазан күні «Қалдырған ізің мәңгілік» тақырыбында ұстаздарға арналған мерекелік кеш өтті.
🌹 ✨Кеш барысында мектебіміздің басшысы Жанаргүл Ерсайынқызы жүрекжарды құттықтау сөз сөйлеп, шараның мазмұнын айрықша шырайландырды. Арнайы келген ардагер ұстаздарға құрмет білдіріп, әр шығармашылық бірлестікті «ерекше планета тұрғындары» деген атаумен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Бұл атау әр ұстаздың жеке әлем екенін, олардың еңбегі мен болмысының бірегейлігін айшықтай түсті.
🌹Бұл кеш – саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздарымызға деген құрмет пен шексіз алғыстың айқын көрінісі болды.
💐 Ұстаздарымыздың әсерлі тілектері, көңілді әндері мен көтеріңкі көңіл-күйі шараның шырайын кіргізді.
Әрбір ұстаздың еңбегі – ұлт болашағына қалдырған мәңгілік із, биік тағылым, өлшеусіз өнеге!
🌹Ұстаздарымызға мықты денсаулық, отбасылық береке, шығармашылық табыс тілейміз!
Сіздердің еңбектеріңіз әр шәкіртіңіздің жүрегінде мәңгілікке сақталады. ❤️
«Даналық ұстаздан» челленджі – ұстазға құрмет, даналыққа тағзым.
👉 «Ұстаздың жүрегінде – мейірім, сөзінде – тәрбие, ісінде – өнеге.»
✨«Келешек мектебі – тек білім беретін орын емес, баланың арманы мен қабілетін ашатын шығармашыл орта».
✨«Келешек мектептерінің» ұстаздары шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып келеді. «Жұмысшы мамандықтары» жылында олардың еңбегі ерекше құнды – олар болашақ мамандарды дамытуға, еңбекке деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікке тәрбиелеуге көмектеседі. Ұстаз еңбегі баға жетпес!
Ұстаз – бізге білім берген жан ғана емес, өмірлік тәрбиеші. 🙏
«Даналық ұстаздан» челленджін жалғастыра отырып, барлық ұстаздарға алғыс айтамын! 💐
👉 «Шәкірт жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі.»
Ұстазға құрмет – мәңгілік.
Ұстаз – білім ғана емес, өмірлік жол сілтер дана. 🌟
«Даналық ұстаздан» челленджі арқылы біз жүрекке жеткен ойды бөлісіп, жақсылықты бірге таратамыз.
👉 «Ұстаздан алған өнеге – мәңгілік қазына.»
📚✨ Даналық ұстаздан челлендж ✨📚
Ұстаз – жүрекке жол табатын, адамды биікке жетелейтін шамшырақ. Әрбір айтқан сөзі өмірлік сабақ, әрбір берген тәлімі болашаққа жол.
✨Президенттің құттықтауынан үзінді:
«Ұстаз – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Бала жүрегіне алғаш нұр құятын да – ұстаз. Олардың еңбегі – ұлттың ертеңіне қосылған өлшеусіз үлес»
– Қасым-Жомарт Тоқаев
📚 «Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын болары хақ» – бұл сөздер барша ұстаздар қауымына көрсетілген зор құрметтің белгісі.
✨Ұстаз – ұлттың тірегі, өркениетті елдің бастауы. Барша әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, шәкірттеріңізге сапалы білім мен тәрбиенің жарқын жолын тілеймін!
✨Осы орайда бүгін мектебімізде «Ұстазға мәңгі құрмет» тақырыбында ұстаздар мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған тамаша кездесу кеші өтті. ✨Бұл шараға мектебіміздің мұғалімдерін білім нәрімен сусындатқан,өмір жолдарына бағыт-бағдар берген, әр мамандықтың білікті иесі болуына себепкер болған ардагер ұстаздар арнайы шақырылып, кездесудің мәні одан әрі арта түсті. Ардагер ұстаздар – ұрпақтың темірқазығы. Олардың әрбір сөзі мен өнегесі бүгінгі ұрпаққа бағыт-бағдар, асыл аманат.
Бізге ұстаздықтың жауапкершілігі мен қадірін алғашқы болып үйреткен жандар.
Олардың ақ батасы мен жүрекжарды әңгімелері бүгінгі кештің көркін кіргізді.
Шарада ұстаздарға гүл шоқтары табысталды, әсерлі әңгімелер мен жүрекжарды тілектер айтылып, ән шырқалды. Барлығымызға рухани демалыс сыйлады. 🎶🥂
Кешті ұйымдастырған мектеп басшысы Жанаргүл Ерсайынқызына, сондай-ақ Ирина Дарханқызы мен Әсел Берікқызына үлкен алғысымызды білдіреміз. 💐
Еңбегімен ұрпақ тәрбиелеп, өнегесімен өмірге жол сілтеген жандарға құрмет көрсету – біздің парызымыз.
Бүгін мектебімізде «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
✅ Мақсаты:
Оқушыларды қарттарды құрметтеуге, үлкендердің еңбегін бағалауға, ұлттық тәрбиенің бір бөлігі ретінде ата-әжеге сыйластықпен қарауға баулу.
✨📚 «Ұлы жол-отбасы табалдырығынан басталады!» 📚✨
1-сынып ата-аналарының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Сынып жетекшісі Л.Қ.Базарова балалардың оқуға дайындығы мен тәртібі туралы сөз қозғап, алғашқы қадамдарына бағыт-бағдар берді. 🏫✨
🧩 Мектеп психологы Г.С.Орынбасар танысу тренингін өткізіп, оқушылардың мектепке бейімделуі жайында пайдалы мәліметтермен бөлісті.
👨‍👩‍👧‍👦 Жиналыс өте мазмұнды өтті. Басты мақсатымыз – ата-ана, бала және мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Балаларымыздың үлкен жолдағы алғашқы қадамына бәріміз бірге қолдау көрсетейік! 🌟💐
 
🖋«МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ: АДАЛ ӘРІ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МЕКТЕП АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ І ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
✅Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің ынтымақтастығын арттырудың жолдары туралы.
2. Мектеп ата-аналар комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері туралы.
3. Мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы.
4. Жасөспірімдердегі құқық бұзушылықтың алдын алу туралы.
Жоғарда аталған мәселелер бойынша мектебіміздегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: И.Д.Бисенова, Ә.Б.Орынғалиева сонымен қатар Атырау ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ-ы полиция аға лейтенанты Н.Б.Шелбай мен Атырау ҚПБ аға жедел уәкілі Самат Торебаевич қатысып сөз сөйледі.
🖋«Таза Қазақстан» акциясы – бұл жай ұран емес, еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді жұмыстар жүйесі. ✅Мектебімізде 22 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында 9-11 сыныптарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Атырау ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ-ы полиция аға лейтенанты Шелбай Назгүл Болатқызы мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бисенова Ирина Дарханқызы оқушыларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және заң талаптарын сақтауға шақырды.. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
🌍 Таза Қазақстан – ортақ үйіміздің кепілі! 🌿
Біз бәріміз туған жеріміздің табиғатын қорғауға, қоршаған ортаны аялауға жауаптымыз.
Қоқысты жерде қалдырмай, ағаш егіп, көгалдандыруға атсалысу – әр адамның парызы. 🌱
Келешек ұрпаққа таза ауа, мөлдір су, жасыл табиғат қалдыру үшін бүгіннен бастап табиғатқа жанашырлық танытайық! 💚
✨ Таза Қазақстан – жарқын болашақ кепілі! ✨
Мектебімізде 19 қыркүйек күні «Менің мектебім буллингке қарсы» тақырыбында флешмоб өткізілді.
✅Іс-шараның мақсаты- оқушылар мен педагогтердің антибуллингттік санасын қалыптастыру, әлеуметтік мәні бар, міндеттер негізінде мектеп қауымдастығы ішінде бірігу мен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету. ✅Балалардың қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауына қоғам назарын аудару.
♦ №37 Салық Зиманов атындағы жалпы білім беретін орта мектепке жолдайды

Отбасы күніне орай “Отбасы-татулық пен бақыттың мекені” тақырыбында мектеп психологтарының ұйымдастыруымен тренинг өтті. Тренингтің мақсаты: Ата-аналардың отбасындағы татулық пен өзара түсіністіктің бала тәрбиесіндегі маңызын ұғындыру, отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ету, ата-аналарды балаға қолдау көрсетудің тиімді жолдарымен таныстыру.

✅№40 Зейнолла Қабдолов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 8 қыркүйек күні 1-11 сынып оқушылары арасында «Отбасылық құндылық- ұлт байлығы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
✅Мақсаты – оқушыларға отбасының қоғамдағы орнын түсіндіру, ата-анаға құрметпен қарауға, бауырмалдық пен сыйластықты қадірлеуге тәрбиелеу, ұлттық дәстүр мен құндылықтарды дәріптеу арқылы отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерін дамыту.

📚✨ Бүгін мектеп оқушыларына «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы түсіндірілді. Бағдарламаның мақсаты – жас ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, еңбекқорлық пен жауапкершілік құндылықтарын сіңіру.

Жиынды тәрбие ісі жөніндегі орынбасар өткізіп, оқушыларға бағдарламаның маңызы мен қоғам үшін алар орнын жан-жақты түсіндірді. 🙌 👮 Сонымен қатар мектепке Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Сейдуалиев Абдигани Тойшиевич арнайы келіп, оқушыларға қауіпсіздік ережелері мен сақтық шаралары жайлы пайдалы кеңестер берді.

Бұл іс-шара – өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам.

 

📚✨ 1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын! Бұл күн – жаңа бастамалардың, жаңа үміт пен арманның күні. Барлық оқушыларға толағай табыс, ұстаздарымызға сарқылмас шабыт тілейміз! Білім нәрімен сусындаған ұрпақ – ел ертеңінің жарқын кепілі. 🌟

№40 Зейнолла Қабдолов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 1 қыркүйек Білім күніне арналған 1 мен 11 сыныптар және жас сарбаздардың қатысуымен салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Уразбаев Нұрхат Кенжебаевич, «№15 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы» меңгерушісінің у.м.а Калиева Аяулы Утемисовна және Дзюдо күресінен ҚР спорт шебері, Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Ыстыбай Айболат Маликұлы қатысты.

✨«Достық керуені» атты мерекелік шеру!✨
⚜️30 сәуір күні мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық керуені» атты шеру өтті Бұл – әр жүректі жақындастыратын, әр баланың бойына татулық пен достықты ұялататын үлкен мереке!
⚜️Мектебіміздің барлық оқушылары мектеп алдына жиналып, көтеріңкі көңіл күймен Салық Зиманов ескерткішіне бет алып, сол жерде «Ақ көгершін» әні хормен айтылып, бейбітшілік пен достықтың нышаны ретінде ақ көгершіндер көкке самғап, баршамызға үміт мен сенім сыйлады.
⚜️Шеруден кейін мектебіміздің алдында «Бірлік – біздің басты құндылығымыз» атты салтанатты шара жалғасын тауып, әр сынып белгілі бір ұлттың мәдениетін таныстырып, ұлттық ән мен биден шашу шашты. Би мен ән, ұлттық нақыштар – барлығы да ұлттар достығының жарқын көрінісіне айналды.
⚜️Бұл – жай ғана шара емес, бұл – жүректерді біріктіретін мереке.
✅Мақсаты – оқушылардың бойында Қазақстан халқының бірлігі мен достығын дәріптеу, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ ел ішіндегі ынтымақ пен татулықтың маңызын ұғындыру.
 
 
♻️27 наурыз күні мектебімізде кезекті Ата-аналар қолдау орталығының жоспарына сәйкес, «Бақытты ана құпиялары» тақырыбында тренинг өткізілді. 1-4 сынып бойынша ата-аналар қолдау орталығының тренингін өткізген мұғалімдер: Газизулина М, Махимова Р, Габбасова Н, Гайсина Р.
♻️Мақсаты:
1. Аналардың өзін-өзі дамытуына және тұлғалық өсуіне ықпал ету.
2. Күнделікті тұрмыста кездесетін қиындықтарға сабырмен қарап, позитивті ойлауды қалыптастыру.
3. Араласу дағдыларын жетілдіру арқылы отбасындағы үйлесімділікті арттыру.
4. Баланың психологиясын түсіну және онымен тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын үйрету.
♻️27 наурыз күні мектебімізде кезекті Ата-аналар қолдау орталығының бағдарламасы аясында «Ата-аналардың эмоциялық күйреуі:оны қалай болдырмауға және жеңуге болады?» тақырыбында тренинг өткізілді.
8-11 сынып бойынша ата-аналар қолдау орталығының тренингін өткізген мұғалімдер:Амирова Д, Алтайқызы Н, Олжағали А, Тулегенова К.
♻️Тренинг мақсаты:
«Ата-аналардың эмоциялық күйреуі: оны қалай болдырмауға және жеңуге болады?» атты тренингтің мақсаты – ата-аналарға эмоционалдық күйзелістің (күйреудің) алдын алу жолдарын үйрету, олардың психологиялық денсаулығын нығайту, стрессті жеңу дағдыларын дамыту және ата-ана ретіндегі рөлдерін эмоционалды тұрақтылықпен атқаруға көмектесу.Бұл тренинг ата-аналардың ішкі ресурстарын қалпына келтіруге, эмоцияларын басқару әдістерін меңгеруге және жанұядағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталады.
🌺🌺18 НАУРЫЗ — ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
💢Қазақстанда әр жыл сайын 18 наурыз күні Ұлттық киім күні атап өтіледі. Бұл мереке халықтың мәдени мұрасын, салт-дәстүрін құрметтеу мақсатында енгізілген. Ұлттық киім – бұл әр халықтың тарихы мен мәдениетін бейнелейтін ерекше өнер туындысы.
💢Ұлттық киім күнінде адамдар дәстүрлі киімдерін киіп, өздерінің тамыр-тұқымына, тарихына деген құрметін көрсетеді.

💢Оқушыларға бұл күні ұлттық киімдер арқылы өз мәдениетін қадірлеу, оған құрмет көрсету қажеттілігі туралы айтылып, мәдени мұраны сақтау мен дамытуға үндейді.Ұлттық киім кию күні арқылы оқушылар өздерінің ұлттық болмысын сезініп, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік пен құрмет қалыптастырады.

🌺🌺18 НАУРЫЗ — ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
💢Қазақстанда әр жыл сайын 18 наурыз күні Ұлттық киім күні атап өтіледі. Бұл мереке халықтың мәдени мұрасын, салт-дәстүрін құрметтеу мақсатында енгізілген. Ұлттық киім – бұл әр халықтың тарихы мен мәдениетін бейнелейтін ерекше өнер туындысы.
💢Ұлттық киім күнінде адамдар дәстүрлі киімдерін киіп, өздерінің тамыр-тұқымына, тарихына деген құрметін көрсетеді.
💢Оқушыларға бұл күні ұлттық киімдер арқылы өз мәдениетін қадірлеу, оған құрмет көрсету қажеттілігі туралы айтылып, мәдени мұраны сақтау мен дамытуға үндейді.Ұлттық киім кию күні арқылы оқушылар өздерінің ұлттық болмысын сезініп, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік пен құрмет қалыптастырады.
 

27.02.2025 күні мектеп психологтары Н.С.Мустажапова мен Г.С.Орынбасардың ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларына “ Сенім-менің серігім” тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың адамдармен, бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту. ҰБТ-ге дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру. Қобалжу мен стресстің алдын алу.
#ПҚОАтырау
#ҰБТАтырау

❌Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ❌
✅Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті екенін, мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күрестің бір күш болуы қажет екенін, жемқорлық жай құқық бұзушылық емес, біздің түпкі мақсатымыз жемқорлықты жою,жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында дайындалған видеоролик
 
«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА — ӘЛЕМ ЖАРЫҚ БОЛСЫН!»
❇️«Қайырымдылық – жүректен шыққан шынайы мейірім. Жақсылық жасаудан шаршама, себебі бір күні ол саған екі есе болып оралады!»
Осыған орай 14 ақпан күні мектебімізде 6-11 сынып оқушыларының қатысуымен қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге атсалысқан оқушыларымызға, ата-аналарымызға және ұжымдастарымызға алғыс білдіреміз!
 
❇️ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ❇️
13 ақпан күні мектебімізде 7-11 сынып қыздарына арналған жиналыс өтті.
Күн тәртібінде: ⤵️
➡️1.Ерте жүктіліктің алдын алу, жеке бас гигиенасы, тұмаудын алдын алу.
➡️2.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы түсінік.
➡️3.Қыз баланың қоғамдағы орны.
➡️4.Тренинг.
❇️Мақсаты:
✅ Ерте жүктіліктің алдын алу және жеке бас гигиенасының маңыздылығын түсіндіру.
✅ Құқықтық жауапкершілік туралы түсінік беру, заң бұзушылықтың салдарын ұғындыру.
✅ Қыздардың қоғамдағы орнын айқындап, өзін-өзі дамытуға ынталандыру.
✅ Сенімділік пен жауапкершілік қасиеттерін дамытуға арналған тренингтер өткізу.
Жиналыс қыздарымыздың саналы азамат болып қалыптасуына, өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етуге бағытталған.
 
АТА — АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
№40 Зейнолла Қабдолов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 14.02 күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, Ата — аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Балалардың сыртқы деструктивті әсерлерге төзімділігі.
2. Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.
3. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орынғалиева Ә.Б. ата-анаға БАҚ-тың теріс әрекеттері, экстремизм сияқты және т.б. сыртқы деструктивті әсерлерге баланың төзімділігін қалыптастыруды үйрету және ата — аналардың баласын сыни ойлау және эмоционалды интеллект дағдыларын дамыту арқылы сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғауына ықпал ету керектігін айтты.
Сонымен қатар, «Ата-ана бақылауы» мобильді қосымшасы туралы түсінік берілді.
Мектеп психологі Мустажапова Н. С., Орынбасар Г.С Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың өзгеруіне әсер ететін факторлар, белгілері және ондай жағдайда жасөспірімге қалай көмектесуге болатындығы жөнінде ақпарат берді. Ата-аналармен тренинг өткізді.
Қорытындылай келе, мектеп директоры Атчибаеа Ж.Е. ағымдағы мәселелер туралы айтты. Жиналыс соңында бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі баса айтылып, баланың ұялы телефонына «Ата-ана бақылауын» енгізу тапсырылды.
 
20 ақпан күні мектебімізде кезекті Ата-аналар қолдау орталығының сабағы өткізілді.
Ата-аналар қолдау орталығының сабағын өткізген мұғалімдер: А.Сейткереева, Б.Зайырова, Б. Рахманқұл, А. Киюазгалиева
✅Сабақтың тақырыбы: Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің міндеті
✅Сабақтың мақсаты: ақпараттық және іс-қимыл алгоритмдері негізінде балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналардың психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттіліктерін дамыту.
✅Міндеттері:
1. Ата-аналардың баланы қазіргі әлемнің қауіп-қатерлерінен қорғауға деген ұмтылысын ынталандыру;
2. Ата-аналарға іс-қимыл алгоритмдерін үйрету, ықтимал қауіптер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді тәсілдері туралы түсініктерді кеңейту және тереңдету;
3. Баланың тәуелсіздігін дамыту үшін бірлескен іс-әрекет және өзіндік мінез-құлық сызығын талдау дағдыларын дамыту.
 
20 ақпан күні мектебімізде кезекті Ата-аналар қолдау орталығының сабағы өткізілді.
(5-8 сынып оқушылары)
✅Сабақтың тақырыбы: Жасөспірімді қалай түсініп, қабылдауға болады?
✅Сабақтың мақсаты: ата-аналарға эмпатияны дамытуға, жасөспірімдермен өзара түсіністік пен тиімді қарым-қатынас орнатуға көмектесу.
✅Міндеттері:
1. Ата-аналарды жасөспірім балалардың дамужәне мінез-құлық ерекшеліктерімен таныстыру.
2. Ата-аналарды жасөспірімнің мінез-құлқыныңуәждерімен себептерін түсінуге және онымен сенімді қарым-қатынас орнатуға ынталандыру.
3. Жасөспіріммен эмпатия, өзара түсіністік қарым-қатынасын орнату және позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
 
ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА
💢14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай мектебімізде «Шын жүректен кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды.
Мақсаты:
➡️Мектеп кітапханасы қорын әдеби кітаптармен толықтыру. Оқушыларды рухани адамгершілікке баулу. Кітап оқуға ынталандыру.
Акцияға қатысқан 4а сыныбы мен ұстазына алғыс білдіреміз!
 
ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА 📚
№40 Зейнолла Қабдолов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау челенджі жалғасуда….
✅Мақсаты:
Оқушылардың кітапқа деген құрмет сезімін қалыптастыра отырып, ізгілік пен қайырымдылық сезімге тәрбиелеу.
Челленджге қатысып кітапханаға кітап тарту еткен 2а сыныбы мен ұстазына алғыс білдіреміз!
 
ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА 📚
№40 Зейнолла Қабдолов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау челенджі жалғасуда….
✅Мақсаты:
Оқушылардың кітапқа деген құрмет сезімін қалыптастыра отырып, ізгілік пен қайырымдылық сезімге тәрбиелеу.
Челленджге қатысып кітапханаға кітап тарту еткен 2б сыныбы мен ұстазына алғыс білдіреміз!
ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА
📚
№40 Зейнолла Қабдолов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау челенджі жалғасуда….
✅Мақсаты:
Оқушылардың кітапқа деген құрмет сезімін қалыптастыра отырып, ізгілік пен қайырымдылық сезімге тәрбиелеу.
Челленджге қатысып кітапханаға кітап тарту еткен 2ә сыныбы мен ұстазына алғыс білдіреміз!

Толығырақ

24.02-28.02 ақпан аралығында 2-3 сыныптар бойынша «Бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзіреттілігін қалыптастыру жолында әдіс-тәсілдер» тақырыбында бастауыш сынып бірлестігінің апталығы өтеді.
✅Мақсаты: «Оқушылардың негізгі құзіреттіліктерін дамыту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы белсенділігін арттыру, сыни ойлау қабілеттерін жетілдіру, Оқушылардың өзіндік ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған педагогикалық тәсілдерді қолдану. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру»
«Әр бала мектепке баруға лайықты»
Бүгінгі таңда Қазақстанда аутизмі бар 7 мыңға жуық бала бар, ал бейресми деректер бойынша аутизмі бар балалардың саны 30 мыңнан асады. «Autism Speaks» халықаралық ұйымының деректері бойынша 2020 жылы дүние жүзі бойынша әрбір 54-ші балада аутизм бар.�2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні. Бұл күн 2007 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен белгіленген болатын, онда аутизмге шалдыққан балалардың саны көп болғаны алаңдаушылық туғызды.
2015 жылдан бастап қормен Қазақстанның 17 өңірінде 43 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Аутизм және басқа да менталдық бұзылыстары бар 500-ден астам бала күнделікті мектепке баруға мүмкіндік алды. Жоба еліміздің 34 мектебін және 2 астаналық балабақшаны қамтыды.

2024 жылғы 8 сәуірде ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының өкілдері полиция полковнигі Токсанова Майя Булатовна, полиция майоры Сидашева Жулдуз Ерлановна бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша Алматы академиясына түсуге үміткерлермен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы, З.Қабдолов атындағы #40 орта мектебіне іссапармен келді.Полиция полковнигі Токсанова Майя Булатовна, полиция майоры Сидашева Жулдуз Ерлановна Орал қаласының колледж студенттерімен, мектептердің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, кәсіптік бағдарлау бойынша, яғни Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алматы академиясына түсуіне үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Кездесу барысында аталған жоғары оқу орнында қандай мамандықтар дайындайтыны, тыңдаушыларға мемлекет тарапынан қандай жағдай жасалатыны жөнінде ақпарат берілді.

* ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түсу мәселелері бойынша анықтама алу үшін мына мекенжайга хабарласыңыз:

Атырау қаласы, ПД ғимараты
Әбілқайыр хан даңғылы, 55А үй

Ұялы телефон: 8778-120-45-25
Атырау ПД ТЖКЖБ инспекторы Сембаев Ғалымжан

⚜️16-Наурыз-Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні!⚜️Наурызнама онкүндігінің іс-шаралар жоспары бойынша №40 Зейнолла Қабдолов атындағы жалпы білім беретін мектепте 1″Б»сыныбында «Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым». іс-шара өтті. Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету #Атыраутәрбие #біртұтастәрбиебағдарламасы #наурызнама #ұлттықсалтдәстүр

🌷🌷🌷№40 Зейнолла Қабдолов атындағы жалпы білім беретін мектебінде Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасындағы нұсқаулықтарды басшылыққа алып іс-шаралар жұмысы бекітілді.🌷🌷🌷 Көрісу күніне де келіп жеттік.»14-Наурыз көрісу, Амал мерекесі» басталды. Бұл күні адамдар таңнан бастап үй аралап, үлкендерге сәлем беріп, бір-бірін амал мерекесімен құттықтайды. Мақсаты: оқушыларды қазағымыздың салт-дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу. #atyrau_tarbie #Қалалықбілімбөлімі #біртұтас_тәрбие

«Ел болам десең бесігінді түзе», «Тәрбие — тал бесіктен» деп дана халқымыз айтқандай парасатты, зерек, кішіпейіл, адал, адамгершілігі мол ұрпақ ұлтымыздың басты құндылығы. Ал ұрпақ тәрбиелі болуы үшін үлкенге ілтипаты жоғары болу керек. Бір-біріне алғыс айта білу, ризашылығын еркін жеткізе алу адамдардың жүрегін мейірімділікке бөлейтіні сөзсіз. Мақсаты: білім беру ұйымдарында оқушылар мен жасөспірімдерді мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу, олардың бойына ізеттілік құндылықтарын сіңіру, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде құрметтей білуге үйрету.

✅Ақпанның 23-жұлдызында «Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қалалық білім бөлімінің №40 Зейнолла Қабдолов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Атырау білімінің Атырау облысы әкімінің орынбасары облыстық эвакуациялық комиссия төрағасы Қ.Т.Нұртаевпен бекітілген жалпы облыстық сейсмикалық жаттығуларды дайындау және оны өткізу бойынша ұйымдастырушылық нұсқауын орындау мақсатында Сейсмикалық оқу-жаттығуды өткізді.

«ҰРПАҚҚА ҮЛГІЛІ БОЛҒАН ЕРЛІК!»
✅Ақпанның 22- жұлдызында Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлердің шектеулі контингентінің шығарылғанына — 35 жыл толуына орай «Ұрпаққа үлгілі болған ерлік» атты әскери-патриоттық шара ұйымдастырылды.
📌 Мақсаты: Оқушы бойындағы патриоттық сезімін жоғарлату, Отан деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қаблетін жоғары ұстауға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына әскери борышын өтеуге міндетті екендігін сезіндіру.
10 қаңтар — 10 ақпан аралығында Республикалық қайырымдылық акциясы аясында “Жақсылық жан шуағы” тақырыбында мектебіміздің ұстаздары , ата-аналары мен оқушыларының қолдауымен Атырау қаласындағы “Шаңырақ” балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетті.

Фотогалерея

Басты бет

Атчибаева Жанаргуль Ерсайыновна