Мектептегі іс-шаралар
⚘️8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебіміздің ер-азаматтары нәзік жандарға арнап ерекше құттықтау ұйымдастырды. Ардақты аналарымыз бен аяулы әріптестерімізге деген құрметтің белгісі ретінде «Әлемнің сыйы-әйелде» атты мерекелік әдемі кеш өтті.
⚘️Кеш барысында алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің басшысы Жанаргүл Ерсайынқызына беріліп,барша ұлағатты ұстаздар мен әдемі қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады. Сонымен қатар Қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттармен көптеген ұстаздарымызды марапаттады. Мектебіміздің ер-азаматтары мұғалімдерімізге жүрекжарды құттықтауларын жолдап,қызыққа толы ойындар ұйымдастырып, әсем әндерін шырқады. Көңілді сәтке толы кеш барша ұжымға мерекелік көңіл күй сыйлады.
⚘️Құрметті әріптестер, сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
