«Жас зерттеуші – жаңашыл ұрпақ» ғылыми жобалар байқауы

✴️«Жас зерттеуші – жаңашыл ұрпақ» ғылыми жобалар байқауы
📍12 мамыр күні мектебімізде 2–7 сынып оқушылары арасында «Зерде» кіші ізденіс жұмыстары және 8–11 сынып оқушылары арасында «Ғылыми жоба» зерттеу жұмыстары бойынша байқау өтті.
✅Байқаудың басты ұраны – «Ғылым – бұл тек білім ғана емес, ол – болашақты жасау жолы» деген Альберт Эйнштейннің терең мағыналы сөзімен айқындалды.
✅Мақсаты: жас ұрпақты ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу, олардың шығармашылық және инновациялық қабілеттерін дамыту, ғылыми ойлау дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушылардың өз бетінше ізденуіне, ғылыми жаңалық ашуға қызығушылығын арттыру және болашақта ғылым жолына бет бұруына мүмкіндік жасау.
Байқау барысында оқушылар түрлі тақырыпта өз зерттеулерін ұсынып, ғылыми пайымдауларын қорғап, жаңашыл идеяларымен бөлісті. Бұл шара олардың ізденімпаздық, сыни ойлау және жаңалық ашуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий