


Жаңалықтар
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА
Балалардың өмір қауіпсіздігі үшін мопед, скутер, электросамокат жүргізу техникаларын пайдаланбауға шақырады!
Мектеп әкімшілігі.
Мопед, скутер жүргізу ережесі
(төмендегі заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болуы мүмкін)
Қазақстанда жеткізу қызметі үлкен сұранысқа ие болған шақта мопед мінетіндердің саны артты. . Ендеше мопедпен қай жерде жүруге болатынын түсіндіреміз.
Мопед деген не?
Мопед – көлемi 50 текше см-ден аспайтын мотормен қозғалысқа келетiн екi немесе үш дөңгелектi және ең жоғары конструктивтi жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын көлiк құралы. Мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер және осындай сипаттағы басқа көлiк құралдары жатады.
Мопедке қатысты негізгі ережелер ҚР ЖҚЕ-нің 16 және 24-бөлімінде көрсетілген.
Кім жүргізе алады
Жол ережесінің 24-бөлімі, 1-тармағында мопедті тек 16 жасқа толған адамдар жүргізе алатыны жазылған.
Қай жермен жүреді
Мопедпен қоғамдық көлікке арналған жолақты қоса алғанда, жүргін бөліктің оң жақ шетімен жүруге рұқсат беріледі. Бұл тек веложолақ болмаған жағдайда ғана, себебі мопедшілер велосипед жолағымен қозғалуға міндетті.
Қай жермен жүруге болмайды
Тротуар мен жол жиегінде мопедпен қозғалуға тыйым салынған. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан мопед мініп өтуге болмайды. Бұл ережені бұзғандар 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Автомагистральге шығуға да рұқсат жоқ. Ол жөнінде жол ережесінің 16-бөлімінде жазылған.
Мопедшілерге тағы не істеуге болмайды?
Мопед мінген азаматтарға қатысты шектеу қозғалуға болмайтын жерді сипаттаумен ғана аяқталмайды. Оған қоса:
ең болмаса бір қолмен рөлді ұстамай қозғалуға;
жолаушы тасымалдауға;
ұзындығы мен ені 50 см-ден артық шығып тұратын және көлік басқаруға кедергі келтіретін жүк тасуға;
трамвай жүретін жолдарда не бір бағытта қозғалуға арналған бірден көп жолағы бар көшелерде солға не кері бұрылуға;
велосипед не мопедпен сүйреуге рұқсат берілген тіркемеден басқа тіркемелерді және өзге велосипед не мопед сүйреуге тыйым салынады.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Мәжілісте мопед жүргізушілеріне көлігін тіркеп, А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуды міндеттейтін заң жобасы қаралып жатыр

Фотогалерея


