МЕКТЕП АСХАНАСЫНА БРОКЕРАЖ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМ МҮШЕЛЕРІ КЕЗЕКТІ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

📍 №40 Зейнолла Қабдолов атындағы жалпы білім беретін мектебі бойынша 2024-2025 оқу жылының сәуір айы бойынша мектеп асханасына брокераж комиссиясының құрам мүшелері кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. 📍Тексеру барысында азық-түлік қоймалары мен бақылау асының талапқа сай болуы, тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттардың сәйкестігі, кестеге сәйкес уақтылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы тексеріліп, күнделікті мәзірден сынама жүргізілді. Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталып, асхана жұмысының өз деңгейінде жүргізіліп жатқандығы анықталды.

Добавить комментарий